21.01.2019, 18:52
Оқылды: 23

«Мирное ауылын газдандыру үшін құжаттар дайын»

Бүгін Бәйтерек аудан әкімі Асхат Шахаровтың халық алдындағы есептік кездесуі Макаров ауылдық округінде жалғасын тапты.

makar (2)

Бүгінде округке қарасты төрт елді мекенде 1670 тұрғын бар. Округте 2018 жылы егістен алынған өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда төмен екендігі байқалады. Есесіне округ өткен жылы картоптан мол өнім алған. Бұл туралы ауылдық округ әкімі Нәсіпқали Қуанышев барысында мәлім етті.

- Өткен жылы 116 гектар жерге бау-бақша егіліп, гектарына 277 центнерден өнім алынды. Жалпы, бау-бақша өнімі 3 156 тоннаны құрайды. Ауылдық округте 52 шағын бизнес субъектісі тіркелсе, солардың 40-ы белсенді жұмыс жасауда.

Макаров ауылы бойынша Луговая көшесіне ауыз су құбыры жүргізілді. Сондай-ақ 2018 жылы Факел ауылына көгілдір отын жеткізілді. Ал Мирное ауылын газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттары дайын, - дейді Нәсіпқали Сәленұлы.

Округ басшысының айтуынша, Садовое ауылына жаңа үйлер салынып, күннен-күнге ұлғайып келеді. Сол себепті, ескі трансформаторлар ауылды электр қуатымен түгел қамти алмайтын. Алайда, бүгінгі таңда, бұл мәселе өз шешімін тауып, аталған ауылға 2 трансформатор, 80 бағана қойылды. Алдағы уақытта 60 бағана ауыстырып, көшелерге 50 шам қою жоспарлануда көрінеді.

Ауыл тұрғындары жол тазалау, ауылға клуб салу сынды бірқатар ұсыныс-пікір білдірді.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале