Бүгін Сырым ауданының Аралтөбе ауылдық округінде аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен республикалық және облыстық мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті.
“AMANAT” партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Ардан Аралбай мен облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова қатысқан қабылдауда ауыл тұрғындары тарапынан зейнет жасы, мектеп көлігінің жөндеу жұмысы, жұмыспен қамту, тұрғын үй секілді бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Ардан Сұлтанұлының айтуынша, аталған мәселелер болашақта біртіндеп шешілетін болады.
Аталмыш қабылдауда Сырым ауданының мекеме басшылары да өз саласы бойынша тұрғындармен кездесті.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz