Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Адал көмек» жобасы аясында «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі аудан тұрғындарына заң көмегін көрсету бойынша қабылдау өтті. Мақсаты - халықтың құқықтық білімін арттыру, олардың құқықтарын қорғау және парасаттылық идеологиясын алға тарту.
Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауға «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Ахметжан және адвокат Берістен Баянды, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Рухолла Саматов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров, аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының басшысы Асылан Оразалиев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанғали Мұратов, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Руслан Асқаров, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Есен Бекболатов қатысты.
Жаңажол ауылдық округінің тұрғыны Мәншүк Құспанова Ахметжан Бауыржан мен Баянды Берістенге жеке мәселе бойынша келсе, Айболат Арыстанбеков аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының басшысы Асылан Оразалиевке жұмыс жөнінде жолықты.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz