ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен республика көлемінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Осы жоба аясында облыстық мобильдік топ Ақжайық ауданына келді. Топ мүшелері халыққа тегін құқықтық кеңес беру мақсатында коворкиң-орталықта «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күнін өткізді.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Денис Умашев жүргізді. Сондай-ақ кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов, осы департаментке қарасты превенция басқармасының бас маманы Ринат Мұратов, Ақжайық ауданы бойынша Өңірлік палата филиалының директоры Нұрболат Жанатауов және бөлім басшылары болды.
Ашық есік күнінде 11 аудан тұрғыны келіп, кеңес алды. Олар тұрғын үйдің құжатын түзеу, тұрақты жұмысқа орналасу, шаруа қожалық жерін заңдастыру бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Аида Асылбек,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz