26.05.2021, 16:42
Оқылды: 39

Модульді тұрғынжай қойылды

Жуырда Жақсыбай - Петропавловка шекара өткізу бекетіне Жәнібек ауданы әкімдігінің арнайы тапсырысымен жасалған құны 4 млн. теңгені құрайтын 12х3 көлемді модульді тұрғынжай қойылды.  

8437A83B-79D3-427D-BFBA-DCEF717C895B

-Тұрғынжай Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ауылымызға, шекара өткізу пунктіне жасалған үлкен сый болды. Осы күнге дейін тұрғынжай қою шешімі табылмай жүрген мәселелердің бірі болатын. Аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша Ақтөбе қаласынан жасалынып әкелінген нысан үшін ауыл тұрғындары мен Х.Халиуллин атындағы шекара заставасының басшылығы, жеке құрамның қуанышында шек жоқ,- дейді Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаев.

6D25C514-072F-492D-93B1-FAC24718E3A5

 Әскерилендірілген нысан заманауи талаптарға сай жасалған. Барлық желдеткіш, жарықтандыратын құрал-жабдықтармен қамтылған. Нысанның кілтін аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов застава бастығына салтанатты түрде табыстады.

 Ә. Қуанғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале