Өткен аптада covid-19 індеті өршіген Бәйтеректе сақтық шаралары күшейтіліп, аудан қызыл аймаққа енгізілген болатын. Бүгінде мониторингтік топтар жұмысына қарқын қосып, ауылдардағы адам көп шоғырланатын орындар мен азық-түлік дүкендеріне жадынамалар таратуда.
Жуырда Краснов ауылдық округі әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері ауыл ішіндегі азық-түлік дүкендерін аралап, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша барлық сақтық шараларын қатаң ұстану керектігін ескертті. Сондай-ақ Макаров ауылдық округінде де дәл осындай шара ұйымдастырылып, дүкендерге, ауылдағы балабақша және мектеп ғимараттарына бақылау жүргізілді.
Тұрғындарға санитарлық талаптарды қатаң сақтау керектігі жайында ескертулер жасалды. Бұл жұмыстар эпиджағдай тұрақталғанша жалғасатын болады.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz