11.10.2021, 14:49
Оқылды: 1

Мұғалімдер бәсекесі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Зеленов мектебінің ұжымы волейбол сайысын ұйымдастырды.

A31128C0-29B0-45D3-8DB6-BCF6BF4483A2

Бұқаралық спортты дамытып, ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатын өткен додаға аудан мектептері ұстадарынан құрылған командалар қатысты.

Педагогтар бақ сынаған бәсекеде  мықтының мықтысын анықтау  оңайға соқпады. Әуесқой волейболшылар кәсіби спортшылардан кем түспей, тартысты ойын көрсетті.

Қызықты жарыс қорытындысында  Камен мектебінің командасы топ жарса, Зеленов ұстаздары екінші, Егіндібұлақ мектебінің командасы үздік үштікті қорытындылады.

Спорт бәсекесіне белсене қатысқан командалар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале