24.03.2021, 15:18
Оқылды: 46

Мұқтаж отбасыларға «Halyk bank»-тен көмек

Елімізде «Halyk Bank» АҚ «Халық» қайырымдылық қорының бастамасымен «Ел тірегі - Елбасы» атты қайырымдылық акциясы өтуде. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы мен Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған ізгі шараға Казталов ауданы жұртшылығы да куә болды.

95139F9A-F154-484A-B885-A70BC50DE1BF

Банктің Казталов аудандық филиалының ықпалымен ауданымыздың барлық ауылдық округтерін қоса алғанда әкімдік ұсынған тізім бойынша 38 отбасыға 3 жәшіктен 114 азық-түлік себеті жеткізілді. Қайырымдылық акциясы аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қамтыды. Ауданымызда ұйымдастырылған ізгі шараға аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қолдау көрсетті.

18CDB7B5-BC72-49D2-AB19-8348147F5BD1

«Халық» қайырымдылық қоры бизнес қауымдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдары өкілдерін «Ел тірегі - Елбасы» акциясын біріктіруге және қолдауға шақырды. Өйткені еліміздің әл-ауқаты үшін бірдей жауапкершілік көтеруіміз керек деп есептейді. Қайырымдылық қоры өкілдерінің айтуынша, қор акцияны 2021 жылы бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр. Қайырымдылық акциялары еліміздің барлық облыс, аудан, ауыл-аймақтарын қамтымақ.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале