19.10.2022, 18:21
Оқылды: 48

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында фестиваль өтті

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылық фестивальдің аудандық кезеңі өтті.

Мүмк шект4.jfif

Фестиваль мүгедектігі бар балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі көрсетуге жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін өрістету мақсатында ұйымдастырылды.

Мүмк шект2.jfif

Шарада аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Нұрлыбек Айтқалиев сөз алып, балғын балдырғандарға сәттілік тіледі.

Сынға түскен сымбатты бүлдіршіндер ән айту, көркем сөз оқу және би билеу секілді өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар көрермендер мен әділ қазылар алқасы талантты өрендердің өз қолдарымен жасаған бұйымдарынан көрме тамашалады. Сайыс 6 жас пен 18 жас аралығындағы өрендер арасында өтті.

Мүмк шект6.jfif

Сайыс қорытындысында эстрадалық вокал жанры бойынша қаратөбелік Дана Серікова, көркем сөз оқу жанрында саралжындық Жансезім Ерболқызы, көрме жанрында қаратөбелік Айлуна Рахимолла, аспапта ойнау, домбыра жанрында қоскөлдік Мирас Сапар, хореография жанрында Ерназ Мусабекұлы үздік өнер көрсетіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Мүмк шект7.jfif

Фестивальге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Батыс Қазақстан облысы ерікті мүгедектер қоғамының аудандық филиалы қолдау білдірді.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале