6.02.2020, 17:05
Оқылды: 21

Мұратсай бөгетін күтуді округ бюджетінен алып тастау ұсынылды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевтың төрағалығымен селекторлық режимде төтенше жағдайлардың алдын алу  бағытында облыстық комиссияның отырысы өтті.

orda (2)

Барлық аудандардан тиісті комиссия мүшелері қатысқан бұл онлайн отырыста облыстың көктемгі су тасқынына дайындығы кеңінен талқыланды. Облыстық төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов дамбалар мен жолдарды бекіту және тағы басқа жайларды мәлімдеді.

orda (1)

Өз кезегінде облыстық төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Таубеков судағы қауіпсіздік жайлы айтса, «Қазсушар» РМК БҚО филиалының директоры Нұрболат Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда биыл су тасқынынан қауіп жоқ, оны «Қазгидромед» мамандары да растап отыр. Қайта су тапшылығы болуы ықтимал көрінеді. Сондықтан өзен-бөгеттерге түскен су қорын мейлінше тиімді пайдалануға кеңес берілді. Сондай-ақ, отырыста Мұратсай бөгетін күтуді бюджеті тапшы ауылдық округ әкімі аппаратынан алып тастау мәселесі көтерілді.

Ізінше өткен аудандық комиссияның отырысында аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Біржан Меңешев су жүйесі мен қазба жұмыстары жүргізілген жерлерді бақылап, опырылудың алдын алу үшін  тиісті салаларға нақты  тапсырмалар берді.

Раушан Жанат

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале