25.10.2024, 14:12
Оқылды: 110

Мұратсайда Республика күні аталып өтті 

25 қазан – Республика күніне орай Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай ауылдық мәдениет үйінде мерекелік салтанатты жиын өтті.

FB_IMG_1729841318037

Жиында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне белсене араласып, ауылымыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Әжен ауылының ауылнайы Халияр Хиясов, «Кабдушев Е» ШҚ жетекшісі Ерсайын Кабдушев, Орда МКК қызметкері Нұрболат Дүйсалиев, «Батысэнергоресурс» мекемесінің қызметкері Тұрсын Ковнева, ауылдық пошта қызметінің операторы Гүлнар Ибраева, ауылдық газ мекемесінің қызметкері Нұрлан Саматов, А.Құсайынов атындағы мектеп мұғалімі Нұрлыбек Жахатов, ауылдық мәдениет үйінің директоры Қасым Есекешов, «Қазсушар» мекемесінің ауылдық инженері Мереке Дәулетов, «Орда» МКК қызметкері Мирхат Қапизов, ауылдық ветеринариялық пункт меңгерушісі Сағыныш Дүйсекешов, ауыл азаматтары Мейірбек Бұқаров пен Дәурен Насимоллин, Орда спорт клубының нұсқаушысы Мейірбол Саматов, А.Құсайынов атындағы мектептің қызметкерлері Әрия Қадралиева мен Мирболат Бектасов, ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінің меңгерушісі Ғұмар Садыржан, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Мұратсай ауылы бойынша бапкері Болатбек Нұрашев сияқты бірқатар азаматтар ауыл әкімінің алғысхатымен марапатталды.

FB_IMG_1729841288734

Салтанатты іс-шарада ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мектеп оқушылары өнер көрсетіп, мерекенің сәнін кіргізді.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале