11.06.2024, 18:00
Оқылды: 82

Мұхиттың мұрагерлері Теректі ауданына тоқтады

Дәл қазір «Мұхиттың мұрагерлері» жобасы аясында аудандарды дәстүрлі әнмен шалқытып жүрген Ғ. Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған Батыс дәстүрлі ән мектебі өкілдерінің ән керуені Теректіге тоқтады.
 04646E3D-9C8D-406F-91A7-D3F02C6596C3
Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары қонақтарды аудан орталығының кіреберісінен қарсы алды. Қазақылықтың нақ үлгісін көрген меймандар ақтан дәм татып, теректіліктердің дархан көңіліне дән риза болды. Содан соң Мұхиттың мұрагерлері жырау Марабай Құлжабайұлының ескерткішіне аялдап, рухынa тағзым етті.
EEBFA87C-AAC4-4ED3-A069-4938C8E9464E
Аудан әкімі Әлия Биғазықызы мен «Атамекен» Өнер ордасының директоры Бауыржан Халиолла ескерткішке гүлшоқтарын қойды. Әйгілі Хатимолла Бердіғалиев, Сағадат Рахметжанов, Сәуле Таудаева, Серік Абдрахманов, Асхат Оразов, Қайрат Какимов, Фархат Оразов, Ақмарал Кемелханова, Дастан Есентеміров, Бейбіт Қажығалиев, Ернар Өмірәлі, Айжан Мұхамбетжанова, Назгүл Қабиева, Нұралы Айтуғанов аудандық мәдениет үйінде ән мен жырға шөліркеген елдің құмарын қандырмақшы. Рухани кешті ҚР Мәдениет саласының үздігі Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале