17.08.2021, 12:42
Оқылды: 45

Музейдің «қамаудан» шығатын күні жақын

Жылдар өтуде, сәйкесінше тарих парақтары қалыңдап, кешегі дүниенің өзі бүгін жәдігерге айналуда. Демалыс орталығының екінші қабатындағы 4-5 бөлме С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің 5000 жәдігері үшін тарлық етеді. Дегенмен, жуырда жәдігерлер «қамаудан» шығады. Өйткені, Сырым ауданында музейге арналған қос қабатты ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұйырса, жаңарған ғимарат Самара-Шымкент халықаралық күре жолының бойындағы Алашорда көшесіне көрік беріп қана қоймай,  жаңғыртылған музейге ретінде аудан тарихының құтты төріне айналмақ.

dav

Бүгін Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева мен мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Дүйсенғалиев пен кеңес мүшелері аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Артур Искаковпен бірге Алашорда көшесінде жаңа музей ғимаратының жөндеу жұмыстарымен танысты. Артур Искаковтың айтуынша, жобаның құны – 179 621 миллион теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, қыркүйек айының аяғында аяқталмақ.

dav

- Нысанның басында 45 жұмысшы еңбек етуде. Оның 10-ы – аудандағы ресми жұмыссыздар есебінде тұрған азаматтар. Сондай-ақ, студенттік құрылыс жасағының 3 мүшесі бізбен бірге еңбек етіп жатыр. Ғимараттың шатыры жабылуда. Болашақ музейдің бөлме-залдарының едендері құйылып, қабырғалары сылануда. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасын қаптау жұмыстары да басталды. Жұмыс 50 пайызға атқарылды, - деді құрылыс учаскесінің бастығы, мердігер серіктестік «КомпанияСтройИндустрия» ЖШС-ның өкілі Асхат Құрмашев.

Аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері нысанды аралап көріп, музей залдары мен бөлмелеріне сапалы есіктер қою, ауласын сапалы шарбақпен қоршау туралы ескертпелер айтты.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале