Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылындағы М.Ықсанов атындағы мектепте музей ашылды.
Музей Екінші дүниежүзілік соғысқа, тыл және еңбек ардагерлеріне, біздің заманның қаһарманы - «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №6655 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған кіші сержант Берікжан Қалиев, белгілі күйші және термеші Мұрат Кәримуллин, темір тұлпарды тізгіндеген 16 қыз, білім ордасында әр жылда қызмет еткен ұстаздар ұжымына арналған бұрыштармен және ауыл ішінен жинақталған жәдігерлермен жабдықталған.
Музейдегі жәдігерлер мен материалдардың жинақталуына мектеп оқушылары ат салысса, жасақталуына жергілікті кәсіпкерлер мен мектеп түлектері демеуші болған.
А.Байбарақ,
Жәнібек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер