Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева және аудандық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арнайы барып мерекелік медаль табыстады.

Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтің қолымен расталған құжат пен медальге ауданымыздың ең жасы үлкен тұрғыны Мінәш Нұрғалиева (98 жас) мен Нүрепа Дүйсекова марапатталды.

- Сізді 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні - батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың бірлігінің беріктігі мен қайсар рухының, ерлігі мен еңбегінің арқасында келді. Ерліктері тарих бетіне алтын әріппен жазылған ардақты ардагерлеріміз бен тылдағы еңбеккерлеріміздің өнегелі өмір жолы көпке үлгі. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі батыр бабаларымыздың қайсарлығының жемісі.
Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн сыйлаған Сіздей ардақтыларымызды әрдайым әспеттеп, болашақ ұрпақ алдында мәңгі мақтан етеміз. Қастерлі мерекеде отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын, - деп аудан әкімі игі тілегін білдірді.

Өз кезегінде медаль иегерлері де құттықтаушы делегацияға ақ баталарын беріп, қызметте жемісті болуларын тіледі.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы