13.09.2025, 15:55
Оқылды: 273

«Нақты стратегиялық бағыттарды белгіледі» – Гүлбаршын Айжарықова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы еліміздің цифрлық болашағын айқындап қана қоймай, азаматтардың экономикалық және қаржылық мәдениетін дамытуға ерекше назар аударғаны қуантады. Әсіресе, Президенттің қаржылық сауаттылықты арттыру туралы көтерген мәселесі — уақыт талабына сай, аса өзекті бастама.

photo-output
Қазіргі таңда жаһандық экономикалық орта күрделі әрі жылдам өзгеріп келеді. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дамып жатқан заманда әрбір азаматтың қаржы әлеміндегі сауатты болуы — оның жеке әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің кепілі. Қаржылық сауаттылық тек жеке қаражатты тиімді басқару емес, сонымен қатар алаяқтық пен фейк инвестициялық жобалардан қорғанудың да негізгі құралына айналуда.
Президент Жолдауда бұл бағыттағы мемлекеттік міндеттерді нақтылап, мектептер мен ЖОО-ларда қаржылық білім беруді жүйелеу қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге халықтың кең ауқымына арналған оқыту бағдарламаларын әзірлеу — қоғамның жалпы экономикалық тұрақтылығына үлкен серпін беретіні сөзсіз. Қаржылық сауатты азамат — бұл саналы тұтынушы, жауапты салық төлеуші және болашаққа сенімді көзқараспен қарайтын қоғам мүшесі. Сондықтан да бұл бастама – елдің ұзақ мерзімді дамуы мен тұрақтылығы үшін маңызды стратегиялық қадам.

Гүлбаршын Айжарықова
Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханасының
әдістемелік-библиографиялық бөлімнің редакторы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале