5.03.2025, 10:01
Оқылды: 28

Намысты қолдан бермеді

Жуырда Түркістан облысына қарасты Төле би ауданында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен 2016–2017, 2014–2015 және 2012–2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтті.

WhatsApp Image 2025-03-04 at 18.46.05

Жарысқа Қырғызстан және Өзбекстан мемлекетінің балуандары мен еліміздің Шымкент, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Мерке, Сайрам, Луговой, Төле би секілді аудандардан боз кілем шеберлері қатысты. Аталмыш додада Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап барған Теректі ауданының грек-рим күресінің балуандары да өз өнерлерін ортаға салды. Үш жүз елуге жуық спортшы бақ сынаған аталмыш доданың нәтижесінде Алан Құдайберген (24 келі ), Айбар Абуғалиев (27 келі) пен Арлан Аманқұл (30 келі) жарыстың ең биік тұғырынан көрінді. Ал Ералы Тілепқали (32 келі), Нұрхан Бауыржан (44 келі), Ислам Жұмағалиевтер (48 келі) екінші орыннан көрінсе, 36 келіде өнер көрсеткен Арнұр Ұзақбаев пен 41 келіде белдескен Ислам Төлегенов үшінші орынды қанағат тұтты.

Жалпы командалық есепте Шымкент қаласы мен Сайрамнан келген командаларды алға салып Айдын Сүлейменовтың шәкірттері үшінші орынды жеңіп алды.

Алтынбек Қайырғалиев,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале