20.11.2023, 19:14
Оқылды: 22

Нариман Төреғалиев:​ “Көңіл ауылдарға бөлінеді”

Бүгін Сырым ауданына қарасты Аралтөбе ауылында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындармен жүздесті.​

IMG_9974

Сырым ауданының 2023 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көңіл қуантады. Мәселен, биыл сырымдық шаруалар 4,6 мың тонна ет өндірген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 102,7 пайызға артық. Сүт өндірісі 12,3 мың тоннаға (былтыр 101,3%), жұмыртқа 1,7 млн данаға (2022 жылы 100,6%) құрады.​

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемі 14634,6 млн. теңгені құраған.

IMG_0032

Облыс әкімімен жүздесуде халық Жымпиты - Ақсай жолының күрделі жөндеуін аяқтау, Талдыбұлақ ауылына мобильді интернет тарату, малдың азықтық қорын қамтамасыз ету, электр бағаналарын ауыстыру секілді жергілікті маңызы бар мәселелерді көтерді.​

IMG_0041

- Ауылдағы мәселелердің бәрі де өзекті. Қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке шикізатқа тәуелділіктен құтылуды, өндіріс көлемін арттыруды, соның ішінде ауылшаруашылықтың терең өндірісін 70 пайызға дейін ұлғайтуды тапсырды. Ауылшаруашылығы ауылмен бірге дамитын сала. Халықты тұрақтандыру үшін жағдай жасауымыз керек. Үйдің бәрі енді ауылға салынады. Қазіргі таңда мектебі жабылу алдында тұрған ауылдарға көшіп барған жанұяларға мемлекеттен субсидия беру туралы ұсыныс даярлаудамыз. Апатты жағдайдағы мектептердің, сонымен қатар үш ауысымды оқыту, оқу орыны тапшылығы мәселелерін шешу үшін биыл облыста 27 мектептің құрылысы басталды. 22 медициналық нысанға күрделі жөндеу жасалуда. Міне, енді көңіл ауылға ауды! - деді Нариман Төреғалиев.​

IMG_0063

Жиыннан кейін әкімдер халықты жеке мәселелері бойынша қабылдады.​

IMG_0088

Бауыржан Ширмединұлы,

Суреттерді түсірген: Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале