Биылғы жылы Шыңғырлауда мал азығын дайындау жұмысы бір қатар ауылдық округтерде 15 маусым күнінен басталды.
Осы жылғы шөп шабу науқанына 367 трактор, 160 пресс, 254 орақ пен тырма, 189 пішен маялағыш жұмылдыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 341 тонна өнім алынды. Өнімділігі – 3,4 ц/га құрайды.
Аудан бойынша шөптің орташа бағасы үстіміздегі жылы шамамен 4300-4500 теңгені құрайды деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, биылғы жылы мал азығын дайындау үшін, яғни шөп шабу жұмыстарына арзандатылған бағада жанар-жағармайға Gosagro.kz порталы арқылы өтінімдер қабылданды.
Аудан бойынша 10 шаруа құрылымдары – 56,6 тонна жанар-жағармайға өтінім берді. Жанар – жағармай құны 31 шілдеге дейін 1 литрі – 241 теңге, 31 тамызға дейін – 244 теңге және де 30 қыркүйекке дейін – 247 теңгені құрайтын болады.
Елдос Оразғалиев
Шыңғырлау ауданы