22.03.2025, 12:30
Оқылды: 45

«Наурыз шуағы»: мерекелік шарасы балаларға қуаныш сыйлады

Казталов ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің комьюнити залында «Наурыз шуағы – 2025» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

IMG_7939

Ұлттық дәстүрді ұлықтайтын әндер шырқалып, жас өнерпаздар мың бұрала билеп, сахналық қойылымдар көрсетілді.

IMG_7940
Көпшілік мерекенің сәнін келтірген Казталов балалар музыка мектебінің өнерлі өрендері қазақ халық әндерін көрермен назарына ұсынып, ерекше әсерге бөледі.
Аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын насихаттайтын «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен театрландырылыған қойылым оқушыларға керемет әсер қалдырды.

Шара барысындағы тағы бір ерекшелік Балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы «Шаттық» би тобының мың бұралған бишілерінен құралған сюжеттік би. Сюжеттік биде ата-бабалардан келе жатқан салт-дәстүрлер мен құндылықтардың маңызы айшықталып, ұрпақтар сабақтастығы дәріптелді.

IMG_7942

Сонымен қатар, оқушыларды аудан әкімінің орынбасары С.Қайрлиев Наурыз мерекесімен құттықтап, білімімен, өнерімен топ жарған белсенді 43 оқушыға арнайы дайындалған «Наурыз кәде(велосипед)» және «Наурыз қоржын» тарту етті. «Наурыз шуағы»: балаларға мерекелік қуаныш сыйлады.
Биылғы жылдың ерекшелігі атаулы даталардың бірі Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ поэзиясының алыбы, балалар жазушысы, жерлес ақынымыз есімі туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығы. Соған орай, ауданымызда ұйымдастырылған аудандық Қадыр оқуларының жеңімпаздары ақынның бай мұрасын насихатттап,поэзиядан шашу шашты.
Шара соңында, Қыдыр ата Ұлыстың Ұлы күні барша әлемге:

IMG_7944

"-Күнің тусын оңыңнан,
Айың тусын солыңнан!
Төрт маусымың кең болсын,
Төрт құбылаң тең болсын",-деп батасын берді.
Наурыз мейрамы – жаңарудың, татулық пен ізгіліктің бастауы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл мерекелік шара келген қонақтардың көңілінде жылы әсер қалдырды.

IMG_7941
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.

IMG_7943
Бүгінгі өскелең ұрпақ ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, оның қадір-қасиетін терең түсіне білуі тиіс. Біздің басты мақсатымыз – жастарға осындай игі құндылықтарды насихаттап, ұлттық рухты нығайту. Наурыз баршамызға құтты болсын!

#АрмысыңӘзНаурыз!
#Наурызқұттыболсын!
#біртұтас_тәрбие

Казталов аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале