Бүгін Казталов Жалпақтал ауылындағы Кенжебек Меңдәлиев атындағы мектепте ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» он күндігі аясында Көрісу күніне орай үлкен шара өтті.
Шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов және ауылымыздың еңбек ардагері атанған аталар мен әжелер қатысты.
- 14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, әрбір отбасы арнайы дайындалып мерекелік дастархан жаяды. Бір-біріне «Бір жасың құтты болсын!» деп тілек білдіреді. Мен де сіздерді және Жалпақтал ауылының тұрғындары мен осы шараны ұйымдастырып отырған Кенжебек Меңдәлиев атындағы мектептің ұжымын бүгінгі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! - деді аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы.
Шара барысы мектептің өнерлі оқушылары дайындаған тамаша әндер мен әдемі билерге ұласып, жақсы тілектерге жалғасты.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz