17.03.2024, 13:20
Оқылды: 52

"Наурызнама": Жаңақазан ауылында Шаңырақ күні аталып өтті

Қазақстанда Наурызнама онкүндігі жалғасуда. Осы орайда ұрпақ жалғастығы мен ананың қасиеттілігі, сүйіспеншілік, сыйластық, сенім мен өзара көмек сынды отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында 17 наурыз – Шаңырақ күні боп бекітілген болатын. Шаңырақ атауы бекер емес. Қазақ мәдениетінде бұл – тірек, амандық, қауіпсіздікпен және отбасымен байланысты қасиетті нысан.

image-17-03-24-11-41

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Жаңақазан ауылдық мәдениет үйінде "Шаңырақ – шағын отаның" деген атаумен өнеге кеші өтті.

image-17-03-24-11-41-1

Шараға аталмыш ауылдың шаңырақ көтергендеріне 25 жыл, 50 жыл болған алтын той, күміс той иелері мен ақжаулықты әжелереміз қатысып, өмір өткелдерінен сыр шертіп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

image-17-03-24-11-41-2

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале