21.03.2022, 22:03
Оқылды: 37

«Наурызым - мерекем, құт - берекем!»

Осындай атаумен Елтай ауылдық округінің мәдениет қызметкерлері мен "Қайсар" спорт клубының әдіскерінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.

FB_IMG_1647834131005

Шараның ашылу салтанатында округ әкімі Рашид Байров ауылдастарын төл мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

FB_IMG_1647834127149

Мерекелік шараға жиылған тұрғындар 4 отауға бөлініп, дастархан жайып, ата-бабамыздан сақталған салт-дәстүрлерден шағын көріністер қойды. Мерекенің иісі аңқыған ұлттық тағамдар қойылған дәм де, көрініс те бірінен бірі асып түсердей жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Одан бөлек, жасөспірімдер спорт мектебінің ауылдағы жаттықтырушысы Өркен Бисенов оқушы ұл-қыздар арасында "Қазақ күресінен"​ әр салмақ дәрежесі бойынша сайыс өткізді.

Белдесуде қарсылас шақ келтірмеген 9-сынып оқушысы Алмаз Ермұханов "Түйе палуан"​ атағын иеленді.

Елтайлық ағайын тек оқушылардың жеңісімен шектеліп қоймады. Ауыл тұрғындары арасынан арқан тарту, қой көтеру, аударыспақ, гір тасын көтеруден де өзара бақтарын сынады.

Барлық салмақ дәрежесіндегі жүлдегер палуандар мен ұлттық ойындарда жеңімпаз атанғандарға ауыл әкімі атынан арнайы диплом, медаль және ақшалай сыйлықтар табысталса, ұтыс билеттерінің ұтыскерлері де сыйлықсыз қалмады.

Аталмыш шараға ауылдың Махамбет Құташев, Әлихан Штейнгельберг секілді жанашыр азаматтары мен "Молдағали", "Қарабура", "Маһарша", "Адият", "Стан", "Бейбарыс", "Берік-2", "Ахметқалиев", "Әлдібай" шаруа қожалықтары қаржылай, мал азығы "бума шөптермен" демеушілік жасап, азаматтылық танытты.

 

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале