3.11.2021, 17:10
Оқылды: 24

Назарбаев Зияткерлік мектебінен экспедиция келді 

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Менің кіші Отаным: Baitaq Batys» атты жобасымен «Туған жерге тағзым» өлкетанулық-зерттеу  экспедициясы сапарларының үшінші күнінде  Сырым ауданына табан тіреді. Экспедиция құрамында 9-11 сынып аралығындағы 39 оқушы және 10 жетекші бар.

IMG_7504

«Туған жерге тағзым» экспедициясының мүшелері Сырым ауданының шекарасынан қарсы алынды. Ауданның тарихи орындарымен танысуға келген қонақтар алдымен Жұмағазы хазірет кесенесіне тоқтады. Хазіреттің басына зиярат етіп, дұға бағыштады. Оның жанында орналасқан Ерсары батыр кесенесіне де аялдады. М.Қаналиев атындағы мектеп-балабақша кешенінің тарих пәнінің мұғалімі Нұржан Мұхамбетқалиев назарбаевтықтарға Жұмағазы хазірет пен Ерсары батырдың өмірі туралы әңгімелеп берді.

IMG_7669

Одан кейін саяхатшылар Сырым Датұлының кесенесіне келді. Мұнда Н.Мұхамбетқалиев батырдың өмір жолы туралы, Сырым шыққан төбенің соғыс тактикасында қолданылған маңызы жайлы айтты.

IMG_7656

Экспедиция сапары  аудан орталығында жалғасты. Сапаршылар Сырым Датұлы атындағы саябаққа келіп, батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, суретке түсті.

IMG_7595

Қонақтар Қадыр алаңындағы ақынның ескерткішіне тоқтады. Олжерде Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Райбек Қажияхметов Қадыр Мырза Әли туралы деректерді таныстырды. Ақын атындағы мектептің оқушысы Жангүлім Майлықұл «Ұлы махаббат» өлеңін оқыды. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсынов сөз сөйлеп, қонақтарға «қош келдіңіз» айтты. Оралқаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәнінің мұғалімі Нұрбол Молдағалиев Берік Жанболсыновқа естелік сыйлық табыс етті. Қонақтар ақын ескерткішіне тәу етіп, гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түсті.

Экспедиция мүшелері  Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептегі мектеп музейін, Алаш музейі мен саябағын, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін аралап, өздеріне тың мағлұматтар алды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале