Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс мерекесіне орай "Syrym Runners" тобының мүшесі Нұргүл Жоламанова 7 шақырымды жүгіріп өтті.
Нұргүл Жоламанова бүгінге дейін әртүрлі қашықтықтарды бағындырып жүргенін айтар болсақ, бұл да кезектісінің бірі. Өзге саланың тізгінін ұстаса да, жүгіруге жаны құштар, салауатты өмір салтын ұстанатын және жүрген жерінде бұқаралық спортты насихаттап жүретін марафоншы бұл жолғы 7 шақырымды жүрегі "елім, жерім" деп соққан жігіттердің құрметіне арнады.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын "Syrym Runners" мүшелері құрамның үлкеніне құрметтерін көрсетіп, спорттық киім, аяқ киім сыйлаған болатын. Сыйлық иесі де іні-қарындастарына дән риза болды.
Айжан Амангелдина
Сырым ауданы
zhaikpress.kz