19.05.2022, 16:15
Оқылды: 63

Неке бұзу туралы 17 талап арыз түсті

Жәнібек аудандық сотында отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың және некені бұзудың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.

13

Басқосуға  құқық қорғау, білім беру, ішкі саясат және «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде сот төрағасы Сәбит Аяпов 2022 жылдың 5 айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеме жасады. Сәбит Әкімұлы келтірген мәліметтерге сүйенсек, аудандық сотқа 12 әкімшілік іс түссе, оның бесеуіне әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды. Ал, 6 іс медиация тәртібімен татуласумен аяқталса, 1 іс әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. 2022 жылдың 16 мамырына дейін неке бұзу туралы 17 талап қою арызы берілді. Соның ішінде 5 талап қою арызы қайтарылса, 11 талап қою арыз бойынша азаматтық іс қозғалған.

14

Жиынға қатысушылар көтерілген мәселе хақында әр тараптың пікірлері тыңдалып, ойлары ортаға салынды.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале