9.01.2025, 14:45
Оқылды: 28

Жәнібек ауданының азаматы 6 тұрғынның атына несие рәсімдеген

Қазіргі уақытта алаяқтық қылмысы Қазақстан Республикасының аумағында кең жайылған түрі болып есептеліп отыр. Себебі күннен күнге қылмыстың түрі көбейіп өршіп тұр. Алаяқтық қылмыстың түрлері әртүрлі болып келеді, соның ішінде интернет алаяқтық қылмыстары жиі орын алып отыр. Аталған қылмысқа кез келген тұлға алданып қалып жатады. Қылмыстың бұл түрінің ашылуы өте қиын. Өйткені қылмысты жасаған тұлға өз деректерін жасырып, өзгенің деректерін пайдаланып қылмыстық арам ой-пиғылдарын жүзеге асыруда.

PHOTO-2025-01-08-20-19-16

2024 жылы, сонымен қатар жыл басынан Жәнібек ауданы аумағында алаяқтық қылмысы, оның ішінде интернет желісі арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында аудан прокуроры ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Алайда жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан былтыр 12 айда аудан аумағында алаяқтық қылмысы бойынша 3 арыз тіркеліп, күні бүгінге қылмыстар ашылмай отыр.

Алаяқтық қылмыстарға ұрынып қалып жатқан тұлғалардың басым бөлігі зейнеткерлер мен мемлекеттік қызметкерлер. Неге осы санаттағы адамдар алдануда? Себебі түсіндірме жұмыстарын жүргізген кезде көбіне немқұрайлық танытып, полицияның түсіндірме жұмыстарына аса мән беріп тыңдамайды. Соның салдарынан осындай жағдайлар көп кездеседі. Үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізгенмен, соңғы кезде зейнет жасындағы тұлғалар алаяқтарға жиі ұрынуда.

Аталған қылмыс түрін тек Қазақстан аумағында емес басқа мемлекетте отырып та жасауы мүмкін. Соған байланысты аудан тұрғындары, өз қаражаттарыныздың өзгенің иемденіп кетуіне жол бермеу үшін әр азамат төмендегі бірнеше сақтық шараларын білген жөн.

  1. «Банк қызметкері» болып банк клиенттеріне қоңырау шалып, олардың есепшот карталары бойынша күдікті операциялар жасалып жатқандығы туралы айтады. Ол жалған! Банк қызметкерлері ешқашан хабарласып айтпайды.
  2. Төлем карталарыныздың 16 таңбалы нөмірін, кері жағындағы үш таңбалы кодын немесе жеке кабинетке кіру үшін алдап барлық деректерді біліп алады. Кейде алаяқтар қоңырау шалу кезінде телефонға қорғаныс орнату үшін арнайы қосымшаны орнатуды сұрайды. Сол бойынша барлық деректерге қол жеткізеді. Бұған да сенбеу қажет!
  3. Сондай-ақ қоңырау шалу кезінде алаяқтар өз құрбандарын банкоматтан ақша алуға және оларды сенімді болу, басқа арналған шотқа аударуға сендіреді.
  4. Алаяқтар әртүрлі жолдармен, соның ішінде үшінші тұлғалар арқылы толық банктік  деректемелерді алып қылмыстық іс-әрекетін жүзеге асырады.
  5. Instagram, Olx қосымшалары арқылы да заттай тапсырыс беріп, алданып қалып жатады. Ол үшін тапсырыс бермес бұрын, тапсырыс қабылдауышының орналасқан жерін және заңды қызмет көрсетуіне көз жеткізу қажет.
  6. Қазіргі уақытта What’s аpp желісі арқылы қазақ тілінде сөйлесіп, алдау арқылы ақша иемденіп жатқан деректер бар. Бұрын орыс тілінде сөйлескен еді.
  7. Sim-картаны қолданудың мерзімі аяқталды деп те сендіреді. Алайда sim-картада мерзім болмайды!

Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген шараларды орындаудан түгелдей бас тартып, мүлдем сөйлеспеу қажет. Сондай-ақ, өз атыңызға несие немесе басқа да есепшоттарынызда өзгерістер болып жатқаны туралы банктерге хабарласып, бұғаттау жұмыстарын жасау қажет. Аталған қылмыстарды болдырмау үшін «EGov» онлайн порталы арқылы өз еркімен банктік несие және онлайн несие рәсімдеуден бас тарту туралы өтініш қалдыру арқылы 6 ай мерзімге бұғаттау жасау қарастырылған. Ол арқылы сіздің атынызға бөгде адамдардың несие рәсімдеуге мүмкіндігі болмайды.

Мәселен, күні кеше сот шешімі шығып, Жақсыбай ауылының тұрғыны «Г» есімді азаматша ауыл тұрғындарының сеніме кіріп, алдау арқылы 6 тұрғынның атына несие рәсімдеп, жалпы сомасы 14 млн теңге көлемінде залал келтірген оған қылмыстық іс қозғалып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

Құрметті аудан тұрғындары, күңделікті өмірде алаяқтық қылмыстардың арбауына түсіп қалмау үшін, жоғарыда көрсетілген барлық сақтық шараларын қатаң сақтап жүрсеніздер, ешбір алаяқтық қылмыстың арбауына түспейсіздер!

Мейрамхан Бапахов,

Жәнібек аудандық полиция бөлімінің бастығы,

полиция майоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале