Тасқала ауданында тағы бір жеңіл автокөлік отқа оранды. Дәлірек айтсақ 25 мамыр күні сағат 11.55-те Тасқала ауылы, Маметова көшесінен кейін орналасқан жасыл көпірдің бойында азамат К. деген азаматқа тиесілі «Нива 21213» маркалы жеңіл автокөлігі жанып кетті.
Тексеру барысында оттың электр сымдарының тұйықталу салдарынан орын алғаны белгілі болды.
Айта кетейік ауданда жеңіл автокөліктердің 90 пайызға жуығы ескі. Сондықтан тозығы жеткен тоқ сымдар күн ұзағына жарық қосып жүруді көтере алмайды. Соның салдарынан автокөліктердің жануы жиі орын алуда.
zhaikpress.kz