Теректі ауданына қарасты Новопавлов ауылында жергілікті әкімнің есеп беру жиыны өтті. Оған аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, бөлім басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Облыс орталығынан 45 шақырым қашықтықта жатқан ауылда 709 адам тұрады. Округ бойынша 8 шаруа қожалығы және 17 жеке кәсіпкер тіркелген. Аты орысша болғанмен осы Новопавловта өткен жылы "Жайлаудағы бір күн" атты этно-фестиваль өтіп, күллі облыстың назарын аударған-тұғын. Округтің әкімі Қайрат Жұмақаев жыл бойы жасалған жұмыстарын айтып, 2020 жылға деген жоспарларымен де бөлісті.
Аудан әкімі Әділ Жоламанов Новопавлов ауылындаауыз су бағасы арзандайтынын айтып халықты бір қуантты. Ал Новопавлов-Пойма бағытындағы 12 шақырым жол биыл жөндеу көретіні айтылғанда жергілікті тұрғындардың қуанышында шек болмады.
Әділет Әлібекұлы
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер