Теректі ауданы Новопавлов ауылының тұрғындары тақтайдай жолмен жүретін күн де жақын. Ауылға кіреберіс 15 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталып, қарқын алды.
«ДСК приоритет» ЖШС мердігер атанып, қазіргі таңда серіктестік жұмысшылары жолды орташа жөндеуді сапалы етіп бітіреміз деп отыр.
Облыс орталығынан 45 шақырым қашықтықта жатқан ауылда 709 адам тұрады. Округ бойынша 8 шаруа қожалығы және 17 жеке кәсіпкер тіркелген.
Ауыл халқының басты мәселесі осы жолдың «зары» еді. Енді аталмыш мәселе де өзектілігін жояды.
Әділет Әлібекұлы
Теректі ауданы
zhaikpress.kz