3.08.2021, 11:55
Оқылды: 49

«Nur Otan» партиясы атынан кандидат ұсынылды

Бүгін ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV-ші конференциясы өтті. Конференция жұмысына партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиев төрағалық етті.

FB_IMG_1627968908167

Жиынға «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде Жәнібек ауданы бойынша Ақоба ауылдық округіндегі сайлауға «Nur Otan» партиясынан кандидат ұсыну мәселесі қаралды. Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Ақоба ауылдық округ әкіміне Мақсат Жаналиевтің кандидатурасы «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылып, тиісті қаулы қабылданды.

Ә. Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале