«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының ХХVІІІ кезектен тыс онлайн-конференциясы өтті.
Партияның аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Рамазан Исмағұлов ашып, жүргізген конференция күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрағасын сайлау, партияның аудандық филиалы саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, ішкі партиялық сайлау, праймериз ұйымдастыру және өткізу сияқты үш мәселе қаралды.
Рамазан Тастайұлы күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеп, филиал төрағалығына аудан әкімі Марат Тоқжановтың кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдап, Марат Лұқпанұлы «Nur Otan» Бәйтерек аудандық филиалының төрағасы болып сайланды.
Әрмен қарай бюро құрамынан Асхат Шахаров шығарылып, Ішкі партиялық сайлау, праймериз өткізу жайы талқыланды.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz