12.08.2020, 12:04
Оқылды: 60

«Nur Otan» партиясының Бәйтерек филиалы праймеризге дайын

«Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын. Осы орайда 11 тамыз күні Бәйтерек ауданының орталығындағы мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының праймеризді ұйымдастыру жұмыстарына арналған жиналысы өтті.

E9078C2C-9DED-4347-A98E-B9E41E761246

Еліміздің бас партиясына лайықты кандидаттарды іріктеуге бағытталған жиынға облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Марат Мұқаев, филиал қызметкерлері, партиялық кадрлар резервінің мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

EAC87F63-045A-4497-9456-A4420576FFAD

Жиналыс басында «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тлекбай Төлепқалиев аудандық филиалдың праймеризге дайындық барысының қалай болып жатқанын баяндады. Айтуынша, партияластар праймеризге толықтай дайын екен. Кейін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Мұқаев сөз алды.

251D9B44-4BCF-4BE8-8164-2D3E152BDFB0

Марат Рахметұлы праймериз тарихымызда тұңғыш рет жаңа форматта өткелі отырғанын айтып, партия төрағасының тапсырмасына сәйкес оның стилистикасы мен саясаты мүлде өзгергенін атап өтті.

-Қазіргі праймериздің басты мақсаты ел арасындағы беделді, белсенді, ұлтжанды азаматтарды іріктеп алу. Елдің дамуына, өркендеуіне үлес қосатын, халалықтың ортасында беделі бар тұлғалар болса, біз партия қатарына қабылдауға дайынбыз. –деді М.Мұқаев.

Сондай-ақ Мұрат Рахметұлы праймериз партияның «қайта жаңғыруының» және алдағы Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқанына дайындығының қорытынды кезеңдерінің бірі екендігін, осыған байланысты партиялық тізімдерді айқын негізде қалыптастыру керектігін еске салды.

Ал партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының саяси бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы, «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев праймериздің ажырамас бөлігі ретінде көрсетілетін пікірсайыс жайында кеңінен түсінік берді.

Шара соңында қатысқандар сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алса, аудандық маслихат хатшысы Рамазан Исмагулов көпшілік атынан пікір білдіріп, партияластарына сәттілік тіледі

 Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале