1.03.2023, 14:45
Оқылды: 24

«Нұр жүзді Нұрбегімге жамбылдықтардың айтар алғысы шексіз…»

Көп ауылда медицина мамандарының тапшы екенін білеміз. Жастардың елдімекендерде еңбек етуден қашып, думанды-дулы қалаға құмар болатыны да бар. Бірақ, біз ауыл халқына қызмет етуді өзінің парызы санайтын еңбегі бағалы, емі дәру медбикені білеміз.

4A546593-493D-43EB-B384-79AFC752FC7D

Жамбыл ауылы тұрғындарының денсаулығына алаңдап, күндіз-түні шырылдап жүреті ақ халатты абзал жан Нұрбегім Бисенова – өз ісінің нағыз маманы.

Ол 2018 жылы Жосалы ауылындағы А.Жұмағалиев атындағы мектепті аяқтап, Оралдағы «Мақсат» медициналық колледжіне оқуға түсті. Қазір беделді маман, білікті медбике.

Нұрбегім балалармен де, жасы үлкен емделушілермен де тіл табысып, ішкі сезімдерін түсініп, емделушілердің көңіліне қарап жұмыс жасайды. Ауырып тұрған кісіге жылы сөз айтып, көңілін көтере білудің өзі – ем ғой. Диагнозды дәл қояды.

Ауданға сабылдырмай, көбіне өзі қолынан келген ем-шараны көрсетіп, емдеп алады. Үлкен кісілердің үйін аралап, тегін дәрілерін таратып, қан қысымын өлшеп тұрады. Мектептегі тазалықты тексеріп, қыздар жиналысын бірігіп өткізіп, кеңестерін береді. Сәбилі үйлерді аралап, бала саулығын назарынан қалдырмайды.

Нұр жүзді Нұрбегім Андамасқызына жамбылдықтардың айтар алғысы шексіз. Ауылымызда жұмысын жалғастыра берсе екен.

Д.Жалекенова,
Жамбыл негізгі орта мектебінің психологы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале