Бөкей ордасы ауданы Нұрлыбек Даумов, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллин және Сайқын ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Абдоллин жеке кәсіпкер Нұрбек Әлмұратовтың кәсібімен таныс болды.

Құс шаруашылығымен шұғылдануды шешкен Нұрбек қазіргі таңда «Ломан Браун» түрінің 200 тауық және 100 балапанымен өз кәсібін бастауда.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер түйетауықты да өсіруде.
-Қазіргі таңда тауықтарымыз бірінші жұмыртқаларын беруде. Бүгіннің өзінде 100-ге жуық жұмыртқа жиналды. Болашақта бір бөлігіне әтеш қосып, тұқым бастыру жоспарда бар. Ал мақсатым - ауданды жұмыртқамен қамту, - дейді кәсіпкер.

Өз кезегінде аудан басшысы Нұрбек Әлмұратовке ісіне сәттілік тіледі.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы
