18.11.2019, 17:19
Оқылды: 175

Нұрсайда қазақ күресінен турнир өтті

Қазталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Нұрсай ауылында «Еңбек ардагері», «Астана» медалінің иегері Болат Айтмұқанов Әшімұлын еске алуға арналған қазақ күресінен аудандық ашық турнир өтті.

 IMG_4767

2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бәсекеге Қазталов, Жәнібек, Бөкей орда аудандарынан 9 құрама, 60 палуан қатысты. Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалып, Округ әкімі Бақытжан Мерғалиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG_4835

Алдымен бас төреші Абзал Сүндетов күрес ережелерімен таныстырды.

Жарыс нәтижесі бойынша Бөкей орда ауданы командасы 3 орынға тұрақтаса, 2 орынды Тереңкөл ауылдық округі командасы жеңіп алды. Қарсылас құрамалардан озық болған Жалпақтал ауылы командасы  турнир жеңімпазы атанды.

IMG_4867

Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Диана Бақсық

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале