3.06.2022, 16:15
Оқылды: 18

Оба қорымына археологтар келді

Жәнібек ауданы Жұмаев елді мекеніне қарасты Оба қорымына Батыс Қазақстан облыстық өлкетану мұражайы тарих және өлкетану бөлімінің аға ғылыми қызметкері Яна Лұқпанова ат басын тіреді.

IMG_3620

Ғалым өзімен бірге 20-ға жуық зерттеушілерді әкелді. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев және мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев қорымға барып, Құран бағыштады. Зерттеушілер бір айдан аса уақыт Оба қорымына зерттеу жүргізетін болады. Археологтардың сөзіне сүйенсек, бұл жерде V-VI ғасырларда өмір сүрген адамдар және алтын, күміс бұйымдар болуы мүмкін.

IMG_3613

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале