Бүгін Сырым ауданына облыс әкімі Ғали Есқалиев іс сапармен келді. Өңір басшысының алдымен Бұлан ауылындағы «Бұлан» шаруа қожалығына ат басын тіреді.
Қожалықтың тыныс-тіршілігімен танысып, қыстақты өткеру жайын білді. 2017 жылы құрылған қожалықтың басшысы Махамбет Досалиев облыс әкіміне шаруашылығын таныстырды. Оның мәлімдеуінше, негізгі бағыт – мал шарауашылығы. Бау-бақша егумен де айналысады. 228 ірі қарасы болса, оның 108-і аналық. 213 бас қылқұйрықтының 101-і бие. Қысқа 930 тонна шөп дайындаған. 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, жаз мезгілінде тағы қосымша 4 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды.
Бұлан ауылдық округінің халқын көптен бері мазалап жүрген мәселенің бірі – жол. Ауылға кіре беріс жолды жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары жасалды. Шешімін таппай келетін байланыс мәселесі бойынша жеке кәсіпкер Оралбай Жақсымбетов өз қаражатына байланыс мұнарасын орнатып берді. Енді байланыс тәрелкесін қондыру қалып тұр.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
Zhaikpress.kz