14.02.2022, 23:52
Оқылды: 59

Облыс әкімі Зеленый ауылының тұрғындарымен кездесті

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мен жергілікті сайт бетттерін Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округіне қарасты Зеленый ауылының өңір басшысына арнап жазған үндеуі көп талқыланды.

IMG-20220214-WA0078

Қаланың іргесінде отырсақ та ауыз суға мұқтажбыз деген халық әр үйге таза ауыз су келсін деген сауалын жолдап, базынасын да айтты.

IMG-20220214-WA0079
Бүгін аталған ауылға облыс әкімі Ғали Есқалиевтің өзі барып, зеленыйлық ағайынның мәселесін тыңдады.

Ауыл тұрғыны Валерий Ивановскийдің айтуынша, тұрғындар әлі күнге дейін тасымалы су ішіп отырғанына наразы екен. Тұрғын видео жазып, базына айтқан кезде биліктің назарын шағын ғана ауылға аударғысы келгенін жеткізді.

- Тәуелсіздік алғалы 30 жыл болды. Осы кезге дейін жеткен жетістігіміз де аз емес, бірақ әлі күнге дейін орталықтан келетін су тасушы көлікті күтіп, елеңдеп отыратынымыз өкінішті. Ел тізгінін ұстаған азаматтар ауыл мәселесін шешіп берсе екен, - дейді зеленыйлық Валерий Ивановский.

IMG-20220214-WA0082
Тағы бір ауыл тұрғыны Тілеген Жақиұлы ауылға су алып келетін көлік кей сәттерде істен шығып, ауыл тіршілік нәрін күтіп қалатын уақыт болатынын атап өтті.

- Қаланың дәл қасында орналасқан ауылда орталықтандырылған су жүесі болуы керек. Қазір су өткізуге қажетті жобалық-сметалық құжаттар дайын. Биыл қаражат бөлінген жағдайда су өткізу жұмыстары басталады, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

IMG-20220214-WA0076

Сондай-ақ өңір басшысы ауылдарды сумен қамту ісі ойдағыдай жүзеге асып жатқанын да айтты. Ең әуелі шалғайда орналасқан елді мекендерге су жеткізу жай қарастырылатынын жеткізген Ғали Нәжімиденұлы аталған ауылдың мәселесі бақылауда болатынын баса айтты.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале