10.10.2022, 17:31
Оқылды: 43

Облыс әкімі Жарсуатта

Сенбі күні облыс әкімі Ғали Есқалиев Бөрлі ауданына келді. Өңір басшысы жұмыс сапарын Жарсуат селолық округінен бастады. Қазіргі уақытта Жарсуатта жасалып жатқан ең ірі шаруаның бірі ауыл іргесіндегі Жайық жағалауын нығайту жұмыстарымен танысты. Бұл жұмысқа республикалық бюджеттен 2 млрд.теңге бөлінгені және 2 шақырымға есептелгені белгілі.

c32ec01c-c40f-44e8-9361-95973fb5871c

 Бұдан соң облыс әкімі «Жарсуат» ЖШС жұмысымен, нақтырақ айтқанда, жаңбырлатқыш кешеннің, картопты сұрыптау кешендерінің жұмысымен танысты. 

Ғали Есқалиевтің жұмыс сапары  мәдениет үйінде аудандық мекемелер мен ұйымдардың басшыларымен және мәслихат депутаттарымен, сондай ақ, ауыл тұрғындарымен кездесуде жалғасты. Кездесуде аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов ауданның әлеуметтік - инфрақұрылымдық мәселесі, тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңарту мәселесі,  ауданымыздың мектеп, балабақша, аурухана асханаларын жергілікті өнімдермен қамту, ауданның шаруа қожалықтарындағы жұмысшылардың еңбек қатынастарын заңдастыру, аудан бюджетінің шығыстары жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, тұрғындар арасында ысырапшылыққа жол бермеу, аудан кәсіпкерлеріне және кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген тұлғаларға жан - жақты көмек көрсету,  және қаңғыбас иттер мен мысықтарды  аулау мен стерилизациядан өткізу жұмыстары бойынша баяндама жасады. 

62a18e90-2e3f-4108-95c5-a7093ea9628b

Ауданды дамытудың 2020-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында жалпы сомасы 126 млрд. теңгеге 11 бағыт бойынша 102 іс шараны орындау көзделген екен. Соның ішіндегі ауқымды жобалардың бірі  Подстепное- Илек республикалық маңызы бар тас жолды қайта жаңғырту.  Қазіргі таңда бұл жоба бойынша жұмыстар басталғаны тұрғындарды қуантып отыр. Ал Жарсуат селолық округі бойынша бұл жоспарға 108 оқушыға арналған мектеп, мәдениет үйінің күрделі жөндеуі, спорт кешенінің салынуы, ауылға кіреберік жолды жөндеу мен ауыл ішілік 8 көшені салу жобалары кірген екен. Сондай ақ, игерілмей жатқан жерлерді қайтару бойынша ауданда биылғы жылы 6800  га ауыл шаруашылық жері мемлекеттік меншікке қайтарылғаны, соның ішінде  Жарсуат селолық округінен 530 га жер мемлекет меншігіне қайтарылғаны да тілге тиек етілді. 

1e80de47-bb82-4327-9c8f-a8aead17f8c7

Аудан әкімінің баяндамасынан кейін сөз алған Ғали Есқалиев бүгінгі таңда халық көп шоғырланған ауылдардың жолдарына, басқа да инфрақұрылымдарына басымдық берілетінін баса айтып, жергілікті өнім өндірушілерді қолдау, олардың өнімдерін өткізу жолдарын барынша қарастыруды тапсырды.  Облыс әкімі жиыннан кейін тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізді. 

f0f392bb-6444-448f-89ae-30f80f912970

Дариға Нұрашова, 

Бөрлі ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале