19.05.2017, 14:54
Оқылды: 53

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды

Shingirlau 01      Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды. Өңір басшысы алдымен Шыңғырлау ауылдық округінің егіс алқаптарымен танысып, шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесті.

      Бұдан кейін Ақбұлақ ауылдық округі Тасмола ауылындағы фельдшерлік акушерлік пункттің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан әкім ауыл тұрғындарымен жүздесті.


      Осы ауылдағы "Жарас" шаруа қожалығының басшысы Мирболат Тасмағамбетов 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Егіс алқабында шаруалармен жүздескен облыс басшысы олардың талап-тілегін тындады. Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлініп жатқанына ризашылықтарын білдірген шаруа қожалық өкілдері осы бағыттағы ой-пікірлерін айтты.

      Сондай-ақ Шыңғырлау ауылында облыс басшысы "Қонақай" көлінің жағдайымен де танысты. Аталмыш көл ауыл орталығынан үш шақырым қашықтықта және Елек өзені жағалауы, шығыс жақ бөлігінде орналасқан. 2016 жылы Қонақай көлін тазарту, ретке келтіру бойынша топ құрылған. Қазіргі таңда Елек өзенінен аққан су Қонақай көлін толтырып, көлемі кеңейген. Сонымен қатар жағасындағы қурап кеткен тікенек талдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

     Келесі кезекте облыс әкімі Шыңғырлау ауылының шығыс бөлігіндегі инфрақұрылыммен және 30 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Мамыр айында ғана бастау алған бұл құрылыс жобасының құны 285 436,0 мың тенге. Бір қабатты, бір пәтерлі үйлердің құрылысы жеті ай ішінде аяқталуы тиіс.

Гүлжамал Кенжеғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале