24.10.2018, 15:30
Оқылды: 99

Облыс әкімінің орынбасары апатты деп танылған мектепті көрді

Қазталов ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімнің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Бағдат Азбаев аудан орталығындағы Алма Оразбаева атындағы мектепте болып, әлеуметтік нысанның жағдайымен танысты.

qaztalov (3)

Айта кетуіміз керек, 1974 жылы іргесі қаланған бұл нысан бүгінгі күнде апатты деп танылып, алдағы уақытта жаңа мектеп салу үшін жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Мектепте 618 оқушы білім алуда.

Білім ордасын аралап, жағдайды өз көзімен көрген Бағдат Оразалдыұлы болашақ мектептің жобасымен де танысты.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары мектеп жертөлесінен іргетастың мүжіліп жатқанын байқады. Барлық жағдайды баяндаған аудан әкімі Абат Шыныбеков көктем айларында жертөледе су жиналатын да айтып өтті. Нысанның жайын көрген облыс әкімінің орынбасары бұл мәселенің шешу жолдарын қарастырылатынын жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы,

zhaikpress.kz

qaztalov (1)

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале