5.05.2017, 10:29
Оқылды: 41

Облыс «Өрлеу» жобасының жүзеге асуы бойынша 7-ші орында

 

Бөрлі ауданында «Батыс Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі» тақырыбында семинар кеңес өтті.


Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Самат Хангереевтің айтуынша, облыс бойынша 2017 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1661  адамға  81,8 млн.теңге бөліну жоспарлануда. Республикалық бюджеттен шартты ақшалай көмекті төлеуге және кеңесшілер мен көмекшілерінің жалақыларына 138,1 млн.теңге бөлініп, аудандарға таратылып берілді.

Семинардың негізгі бөлігі 2018 жылдың 1 қаңтарынан елімізде жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек Заңын енгізу жоспарланып жатқандығы туралы айтылды. Бұл Заңда әлеуметтік үш түрі біріктірілетін болатындығы да сөз болды. Сондықтан қазірден бастап жасалатын жұмыстардың бәрі аталған Заң аясында жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті енгізуге, яғни әлеуметтік төлемдерді трансформациялау жұмысына бағытталуы тиіс деді көпшілік.

Жиын соңында аудан қонақтары «Аксайгазсервис» АҚ мекемесіне барып, жұмыс барысымен танысты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале