21.11.2025, 21:00
Оқылды: 64

Облыс прокуроры Тасқала ауданында болды

Бүгін Тасқала ауданына жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы келді. Алдымен ат басын аудандық прокуратураға бұрған ол ең алдымен ұжыммен кездесіп, қызмет барысымен танысты.

97cc0a81-cbe7-4543-b979-a610759e3032

Қадағалау органының жұмыс нәтижелері талқыланып, бірқатар өзекті мәселелер назарға алынды.
Содан соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен жиын өткізді. Жиынға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті Бәйтерек аудандық бөлімінің бастығы Н.Нұрымғалиев, аудан әкімі Талғат Шакиров, аудандық сот төрағасы Ә.Теберикова, аудан прокуроры А.Унаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Абдрахманов, Тасқала шекара бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Н.Имамбеков, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Д.Махашева мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Батрашев қатысты.

c2ce770b-b278-4a0a-9902-a9c0bc62764e
Кездесуде аудан әкімі Талғат Асқарұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасап, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы мәлімет берді.
Өз кезегінде облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы заңдылық пен тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше тоқталды. Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылуы тиіс міндеттерді атап, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және профилактикалық шаралардың маңыздылығы да тілге тиек болды.
Жиын соңында облыс прокуроры мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың жалғасатынын атап өтті.

ceb3581d-a94e-4d8d-a3e1-45ce1f6c8142
Кездесуден кейін аудандық мәдени демалыс орталығында Заң мен тәртіп қағидаты негізінде ұйымдастырылған «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында тұрғындарды қабылдап, сауалдарына жауап берді. Оған БҚО әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз және бірқатар департамент пен басқарма басшылары қатысты. Сапар соңында Нұрбек Ұласбекұлы Қазақстан-Ресей шекара бекетінде болып, шекарашылардың жұмысын көріп, мәселелеріне құлақ түрді.

Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале