19.11.2024, 15:30
Оқылды: 67

Облыстық аламанда олжалымыз

Жуырда Бәйтерек ауданының Дариян ауылында зілтемір көтеруден әлемнің бірнеше дүркін әлем чемпионы, рекорд иесі, спорт шебері Степан Ульяновты еске алуға арналған гір тасын көтеру спортынан облыстық ашық чемпионат өтті.

IMG-20241119-WA0017

Жарысқа облыс орталығының және жеті ауданның спортшылары қатысты. Айтулы аламанға ордалық азамат, талай спорттық додалардың чемпионы атанып үлгірген Рахим Какимов   ұлымен бірге қатысып, аудан намысын қорғады. Рахимның өзі 73 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанса, ұлы Абдурахман Талғат 38 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болды. Аудан абыройын асқақтатқан әкелі-балалы спортшыларға ел сенімін ақтап, аман жүріңіздер дейміз.

Анар Артықбай,

Бөкейорда ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале