1.11.2024, 21:00
Оқылды: 146

Облыстық батагөйлер сайысында жаңақалалық ақсақал жүлделі орынды иеленді 

Бүгін Батыс Қазақстан қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Бата дарып, бақ қонсын» облыстық батагөйлер байқауы өтті. Оған Жаңақала ауданынан ардагерлер кеңесінің мүшесі Ғинаят Валиев қатысып, жүлделі 3-орын алып, қаржылай марапатқа ие болды.

image-01-11-24-07-27

Сөз құдіретін терең түсініп, қашанда батаменен ел көгеретінін білген кемеңгер халқымыз "бота алғанша, бата ал" деп, жас ұрпаққа мәңгілік азық боларын әуелден айтып келген. Ата дәстүрімізді облыс төрінде дәріптеп, аудан даңқын асырып, шоқтығын биіктеткен Ғинаят Қарағойшыұлының бұл жеңісі қашан да көпке үлгі болмақ.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале