23.04.2023, 21:21
Оқылды: 39

Облыстық чемпионат оздырылды

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы Спорт кешенінде ұлттық спорт түрі асық атудан және бес асықтан 17-20 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты және асық атудан ересектер арасында Казталов ауданының ашық біріншілігі өтті.

20230423135928_IMG_9734

20230423135523_IMG_9725

20230423054617_IMG_9599

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің және «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен спорттық додаға Орал қаласының, Бөрлі, Ақжайық, Сырым, Бәйтерек, Бөкей орда, Жәнібек, Казталов аудандарының және Тереңкөл ауылдық округінің командалары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында БҚО асық ату федерациясының президенті Айнұр Мырзагереева, аға жаттықтырушы Ержан Өтеғалиев, Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Галимов сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жарыс қатысушылары мен қонақтары халықтың «Қарлығаш» би ансамблінің және С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының әншілерінің өнеріне куә болды.

20230423061954_IMG_9667

20230423061848_IMG_9664

20230423060709_IMG_9635

20230423060848_IMG_9637

20230423051556_IMG_9590

Ұлттық спорт түрінен сынға түскен спортшылар ширақ қимылдарымен, қырағылықтарымен белсенділік танытты. Жарыста алдымен облыстық чемпионат жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Асық атудан және бесасықтан 17-20 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатында ұлдар арасында Ақжайық ауданының командасы жүлделі І орынға ие болса, Казталов ауданы ІІ орын, Бөрлі ауданы ІІІ орынға тұрақтады. Ал, бес асықтан ептілік танытқан Орал қаласының командасы жүлделі І орынға ие болып, күміс жүлде Бөрлі ауданына, қола жүлде Бәйтерек ауданына бұйырды. Ұлттық спорт түрі асық атудан ересектер арасында бас жүлдеге Ақжайық ауданының мергендері ие болды. Ал, Сырым ауданы жүлделі ІІ орын, Бөрлі ауданы ІІІ орынды қанағат тұтты. Жарыста белсенділік танытқан Бөкей ордасы командасы арнайы алғыс хатқа ие болды. Ересектер арасындағы додада жекелеген аталымдармен марапатталғандар да болды. Атап айтар болсақ, Нұрлыбек Қазиев «Үздік ойыншы», Нұрлан Сариев «Ардагер ойыншы», Ержан Өтеғалиев «Сұр мерген» аталымдарына ие болды.

Қос жарысқа қатысушылар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале