Орал қаласында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен облыстық чемпионатта жаңақалалық спортшылар табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің оқушысы Аңсат Мұхамбетқали 60 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды иеленсе (жаттықтырушысы Әділет Қалиарыстанов), М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Әли Нұрланов 74 келі салмақта қола жүлдені қоржынына салды (жаттықтырушысы Ернар Ғұбайдуллин).
Ұстаздарының жүйелі еңбегі мен шәкірттердің табандылығының нәтижесінде бүгінде жаңақалалық дзюдошылар облыстық жарыстарда топ жарып, жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы