13.07.2022, 9:15
Оқылды: 60

Облыстық комиссияның отырысы өтті

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырман залында облыс әкімдігінің кәмелетке толмағандар істері және оларды қорғау жөніндегі комиссия өкілдері аудан тұрғындарымен жүздесіп, балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес берді.

55c90c44-f633-43d6-a2f2-0247621498a3

Нақтырақ айтсақ, облыс әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасы Б.Нарымбетов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Абдрахманова, білім басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары  А.Мыңбаева, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияров, жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Е.Сұлтанғалиев, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы орынбасарының м.а А.Есенғалиеваларға тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

69204a31-ccbb-4526-9a61-bdca7346fd2f

Ата-аналар облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өтетін балалардың спорттық жарыстарына жол қаражаты қарастырылмағанын айтып, бұл мәселенің шешілуін сұраса, жиі өзгеретін мектеп формасы, денсаулық, әлеуметтік мәселелер бағытында да сұрақтар қойды.

Сонымен бірге облыстан арнайы атбасын бұрған өкілдер ауданның шеткері беткейіндегі алма бағына барып, «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етіп жүрген жастар жасағының жұмыстарымен танысты.

Гүлнар Қадырова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале