29.09.2024, 15:30
Оқылды: 9

Облыстық штаб мүшелері жәнібектік ардагерлермен кездесті

Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде облыстық халықтық штаб мүшелері, яғни «АMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, «Ақжол» партиясы облыстық филиал төрағасының орынбасары Бағдат Ізмағамбетов аудан ардагерлерімен кездесті.  

image-29-09-24-12-25 (1)

Кездесуде штаб мүшелері АЭС-ты салудың еліміз үшін тиімді жақтарын түсіндіріп, тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызы бар серпінді жоба екенін ерекше атап өтті.

image-29-09-24-12-25-1

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақұлдауымен 6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді. Референдумның маңызы мен міндеттерін жан-жақты түсіндіру үшін халықтық штаб құрылды. Оның құрамында депутаттар, партиялар мен түрлі ұйымдар және ел ертеңіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар бар. Қазіргі таңда елімізде жұмыс істеп тұрған көмір стансаларының тозу деңгейі шамамен 70 пайызға жетті. Әрине, еліміз табиғи ресурстарға бай. Дегенмен, олардың көпшілігі қайта қалпына келмейтін ресурстар екенін ескеруіміз керек. Яғни олардың қоры шексіз емес. Сондықтан елдің жарқын болашағын қамтамасыз ететін, ертеңгі күнге деген сенімді арттыратын тұрақты және қауіпсіз энергия көзі қажет. Бұл ретте дәл осы атом электр стансасы ұзақ жылдар бойы энергиямен қамтамасыз ететін әлеуетке ие»,– деді Азамат Сафималиұлы. Кездесуге қатысқан аудан ардагерлері Амангелді Уәлиев, Бекет Әліпқалиев, Қабаш Жүнісов АЭС құрылысының ел экономикасына тигізетін оң әсері туралы пікірлерін білдірді.

image-29-09-24-12-25-3

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, штаб мүшелері тарапынан тұшымды жауаптарын алды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале